«Өзім де өсіп жатырмын»: Мөлдір Мұқан әсерлі жазба жариялады
Әнші әрі блогер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде үлкен ұлы Нұриманмен бірге табиғат аясында демалып, балық аулаған сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды Politico.kz
Өнер иесі балаларының әрқайсысы өзіне өмірлік жаңа сабақ беретінін айтып, аналық сезімімен бөлісті.
«Бес баламнан үйренерім көп екен. Өмір неткен ғажап еді, бес балаларымның арқасында бес түрлі көзқараспен жан-жақты болып жатырмын. Балаларыммен қатар өзім де өсіп жатыр екенмін», – деп жазды Мөлдір Мұқан.
Әншінің айтуынша, балық аулау оған ерекше әсер сыйлаған. Сондай-ақ ол ұлының жауапкершілігіне, тәртібі мен өз ұстанымына беріктігіне тәнті болғанын жасырмады.
«Балық аулаудың әлемі бөлек екен, оны сезіну керек. Ұлымның үлкен азамат болып, өз бетінше шешім қабылдай алатынын көргенде жүрегіме тыныштық орнайды. Нұриманмен өзімді дос сезініп, қазақтың дархан даласындағы бір сәт демалысымды сіздермен бөліскенім ғой», – деді әнші.
Желі қолданушылары Мөлдір Мұқанның жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, оның балаларына деген қамқорлығы мен тәрбиесіне ризашылықтарын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар