"Өзім қамқор боламын": Мөлдір Әуелбекова неге жылағанын айтты
Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желіде балаларымен түскен видеосын жариялап, елді тәнті етті. Бүгінде қос перзентін жалғыз өзі тәрбиелеп отырған өнер иесі ұлының сөздерінен кейін жылап қалғанын айтты.
Мөлдір Әуелбекова балаларымен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда әншінің перзенттерімен серуендеп келе жатқанын көруге болады.
"Қос қанатым! Салтайым 2 сыныпқа, Аққызым балабақшаға қадам басты! Балаларымыздың қадамдары нық, сәтті, берекелі болсын", - деп жазды эстрада жұлдызы.
Оған қоса әнші ұлы Салтаймен түскен суреттерін бөлісіп, баласының өзіне айтқан сөздерінен кейін көз жасына ерік бергенін жеткізді.
"Салтай бүгін "Анашым! Қарындасыма өзім қамқор боламын! Алаңдама!" деді! Жылап алдым", - деп жазды әнші.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
23:16
Қазақстанда әскери реформа мақұлданды: сарбазда...
21.10.2026
22:39
Павлодар облысының бас әскери комиссары Бекзат ...
21.10.2026
20:47
Шымкентте есірткі іздеген полицейлер өз әріптес...
21.10.2026
20:21
Каспийге Аралдың күні тумасын: Тоқаев әлемге үн...
21.10.2026
20:13
Тоқаев Бакуде Израиль басшысымен не туралы келі...
21.10.2026
20:07
Қатармен миллиардтаған долларлық жобалар: Тоқае...