Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы көз жұмды
875
Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, Ерден Хайруллиннің жүрегі тоқтап қалған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннің жүрегі тоқтап қалған, - делінген хабарламада.Қалалық әкімдік те басқарма басшысының қайтыс болғанын растап отыр. Бірақ олардың айтуынша, Ерден Хайруллин турист ретінде емес, Парижге іс-сапармен барған.
Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Парижде Хайруллин іс-сапарда болды, - деп хабарлады Алматы қалалық әкімдігі.Айта кетсек, ол 2022 жылы мамырдан бері осы қызметті атқарып келген. Ал 2019 жылдан 2022 жылға дейін Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болған. Фото: AP Photo/Ciaran Fahey
Соңғы жаңалықтар
16.07.2026
23:14
Қазақстандықтар Дубайға ұша алмайды: Air Astana...
16.07.2026
23:10
"Басқа еркектен жүкті болған". Миллионердің әйе...
16.07.2026
22:50
Абзал Құспан: Орыстілдіге қарағанда қазақтілді ...
16.07.2026
22:20
Атырау облысына әкім болуы мүмкін үміткерлер ту...
16.07.2026
21:10
Қазақстанды «Боратпен» келемеждеген ресейлік ре...
16.07.2026
20:18
Астанада жол белгісінде стриптизге ұқсас би бил...