Партия төрағасы Шоқанов тарихты білмейтіні үшін сынға қалған ұлының әрекетін түсіндірді 

30.06.2026 14:30 Әсел МҰРАТ
Партия төрағасы Шоқанов тарихты білмейтіні үшін сынға қалған ұлының әрекетін түсіндірді 
235
Коллаж Politico.kz

Қазақстан Халық партиясының жаңадан сайланған төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов ұлының әлеуметтік желіде қызу талқыланған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ибрагим Шоқановтан Қазақ хандығының қашан құрылғаны сұралған видео тараған еді. Бейнежазбада жасөспірім: «Бізде Қазақстан тарихы оқытылмайды, біз ағылшын мектебінде оқимыз», – деп жауап берген.

Осы жайтқа байланысты Нұрсұлтан Шоқанов ұлының көпшіліктен кешірім сұрайтынын айтты.

«Бұл сөзді айтқанда өзіміз де таңғалдық. Онымен байыппен сөйлестік. Осы мәселеге қатысты әңгімені осымен жабамыз деп ойлаймын. Иә, бұл – қате пікір. Мұны мен де түсінемін, ең бастысы, ол да өзінің қателескенін түсінді», – деді Нұрсұлтан Шоқанов.

Саясаткердің айтуынша, ұлы білім алып жүрген мектепте Қазақстан тарихы пәні толық көлемде оқытылады. Шоқанов қазір ұлының тарихты оқып жатқанын айтты. Ал бейнежазбадағы сөздерді ол әлеуметтік желіде көбірек қаралым жинау мақсатында айтқан.

Войдите, чтобы оставить комментарий