Павлодар облысындағы жол апатынан қазақстандық футболшы қайтыс болды
Павлодар облысындағы жол апатынан "Жеңіс" футбол клубының ойыншысы Виктория Кайсаринова қаза болған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қайғылы хабарды "Жеңіс" футбол клубы хабарлап, марқұмның жақындарына көңіл айтты.
"Жеңіс" футбол клубы Виктория Кайсаринованың отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.
Павлодар-Астана тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан біздің команданың футболшысы Виктория Кайсаринова көз жұмды. Жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамаған. Осы жағдай жүк көлігімен соқтығысуға әкелді.
Бұл жағдайға әлі де сену қиын. Бұл біздің бүкіл клуб үшін ауыр және орны толмас қаза. Виктория жарқын ойыншы және нағыз дос болды. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...