Павлодарда 8 жастағы оқушыны өзінің сұрауымен балалар үйіне орналастырды

17.03.2026 09:06 Мөлдір Талғат
Павлодарда 8 жастағы оқушыны өзінің сұрауымен балалар үйіне орналастырды
58
Фото: depositphotos.com

Павлодар қаласында сегіз жастағы қыздың өзі балалар үйіне жіберуді өтінгені белгілі болды. Бұл туралы Politico.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Оқушы қызды жалғызбасты әкесі тәрбиелеп келген. Алайда ол көршілеріне әкесінің үйден қуып жібергенін айтып, көмек сұраған. Қазіргі таңда қыз балалар үйіне орналастырылған. Айта кетерлігі, дәл сол мекемеде оның туған 14 жастағы ағасы да тәрбиеленіп жатыр.

Балалардың анасы бірнеше жыл бұрын ата-ана құқығынан айырылып, кейін қайтыс болған. Ал әкесі бұған дейін де өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылған. Тіпті оның қызын телефонмен ұрған сәті бейнекамераға түсіп, сол кезде тек айыппұлмен шектелген.

Қазір құзырлы органдар ер адамды ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастырып жатыр.

Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырып, көптеген азаматтар қызды қамқорлыққа алуға ниет білдірген. Алайда заң талаптарына сәйкес, әзірге мұндай мүмкіндік жоқ.

«Көп жағдайда әйелдер хабарласып жатыр, бірақ ер адамдар да баланы асырап алғысы келетінін айтуда. Дегенмен бала жалғыз емес, оның ағасы бар. Сондықтан әкесіне қатысты шешім толық қабылданбайынша, қамқоршылық немесе асырап алу мәселесін қарастыру мүмкін емес», – деді Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенова.

Уәкілдің айтуынша, қазіргі уақытта қыздың жағдайы тұрақты, ол балалар үйінде өзін жақсы сезінеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий