Павлодарда бір жарым жасар сәби көз жұмды
907
Павлодарда бір жарым жасар бала терезеден құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдемге сағат 19:23-те Торайғыров көшесіндегі үйлердің бірінде биіктен құлау оқиғасы бойынша шақырту түскен.
«Медициналық бригада бірінші санаттағы шұғыл шақырту бойынша шығып, оқиға орнына 2 минутта жетті. Дәрігерлер бір жарым жасар баланың қайтыс болғанын анықтады», - дейді дәрігерлер.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, бала алтыншы қабаттағы пәтердің ашық терезесінен құлап кеткен. Оқиға болған кезде оның ата-анасы үйде болғаны айтылған.
Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
10:10
Қазақстанда 40 жастан кейін алғаш рет тұрмысқа ...
16.09.2026
09:32
Bek Air қожайыны Нұрлан Жұмасұлтанов қамауға ал...
16.09.2026
09:31
Танымал қазақстандық әншінің үстінен қылмыстық...
16.09.2026
09:18
«Бір жан бар, сол үшін ғана»: Мәдина Сәдуақасов...
16.09.2026
08:43
Зайсанда жасөспірім әйелді балталап өлтірді
16.09.2026
07:54
Семейдегі оқушылар жанжалы: Дәулеттің анасы оқи...