Павлодарда пара алған 25 жастағы полицейге үкім шықты

03.02.2026 10:33 Арман Ермеков
Павлодарда пара алған 25 жастағы полицейге үкім шықты
274
Фото: ҚР ІІМ

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы полиция лейтенантына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қызылорда облысының Арал қаласынан іссапарға келген 25 жастағы полиция лейтенанты алаяқтық дерегі бойынша күдіктіден жауап алған. Ол күдіктінің анасымен кездесіп, мәселені оңтайлы шешіп беру үшін 550 мың теңге талап етеді. Әйел бұл ұсынысқа келіскендей болып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арызданған. Жас қызметкер пара алу үстінде ұсталды.

Тергеу амалдары айтарлықтай мөлшерде пара алу бабы бойынша жүргізілді. Судья Өрнек Абжапаров айыпталушыны мемлекеттік қызметкер ретінде пара алғаны үшін кінәлі деп тапты.

"Қылмыстық кодекстің 366 бабы 2 бөлігі бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, алынған параның 50 еселенген мөлшерінде, 27 миллион 500 мың теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалсын", – деді судья.

Сотталған полицей тергеу кезінде 6 ай қамауда отырған. Заң бойынша қамауда болған әр күн айыппұл сомасын азайтады. Осыған байланысты ол мемлекетке 24 миллион теңгеден астам қаражат төлеуі тиіс. Сот үкімімен ол полиция лейтенанты шенінен де айырылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий