Танымал асаба «Сабыржан» есірткімен ұсталды деген ақпарат тарады

25.09.2026 • 20:05 Қарақат АСЫЛОВА
Танымал асаба «Сабыржан» есірткімен ұсталды деген ақпарат тарады
440
Фото: Politico.kz

Шымкентте «Сабыржан» лақап атымен танымал асаба есірткінің заңсыз айналымына қатысты күдікке ілініп, полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Полицияның мәліметінше, ұсталған елорда тұрғыны, 36 жастағы С. қонақүй бөлмесінде болған кезде тәртіп сақшылары тінту жүргізген.

Тінту барысында бөлмеден ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимер пакет және өсімдік тектес зат табылып, тәркіленген.

Күдікті өз түсініктемесінде тәркіленген заттардың мефедрон және «мак» деп аталатын зат екенін айтып, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын жеткізген. Алайда заттардың нақты құрамы мен мөлшері әзірге сараптама арқылы анықталуда.

Полиция қонақүй бөлмесінде ер адаммен бірге интимдік қызмет көрсетеді деп болжанған әйелдің де болғанын хабарлады.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, Сабыржан асаба негізінен халал форматтағы іс-шараларды жүргізетін асаба ретінде танымал.

Войдите, чтобы оставить комментарий