​"Періште емеспіз": Драматург Думан Рамазан Жүрсін Ерманды қаралауды тоқтатуға шақырды

06.08.2026 11:23 Мөлдір ҚАЙНАР
​
195
Фото: видеодан скриншот

Жазушы әрі драматург Думан Рамазан ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның төңірегіндегі шуға байланысты көпшілікке үндеу жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Драматург әлеуметтік желіде белгілі өнер иесіне қатысты ауыр сындардың жиілеп кеткеніне тоқталып, жұртшылықты кешірімді болуға шақырды.

"Жүрсін Ерман туралы әңгімені тоқтатсақ қайтеді? Соңғы кездері әлеуметтік желіде ағамызға қатысты әртүрлі пікірлерді жиі көзім шалады. Бұл өмірде мінсіз адам жоқ, әркімнің қателігі болады. Бірақ қазақта Жүрсін Ермандай тұлға біреу ғана", – деді ол.

Сондай-ақ жазушы ақынның қазіргі таңда денсаулығы сыр беріп, ауыр дертпен күресіп жүргенін және өздігінен жүріп-тұруының өзі қиындағанын еске салды.

"Қанша ғұмыры қалғанын бір Алла біледі. Қазақ – кешірімді, кеңпейіл халық. Сондықтан оның қателігі болса да, түсіністік танытып, адамгершілікпен қарайық. Денсаулығы нашарлап, аурумен күресіп жүрген адамды орынсыз сынап, қаралаудан ешкім ұтпайды. Әр сөздің салмағы бар. Сол себепті Жүрсін ағамыздың айналасындағы бұл әңгімені доғарсақ екен", – деп жазды Думан Рамазан.

Войдите, чтобы оставить комментарий