Астанада екі жасөспірім қыздың көз жұмғаны жайлы ақпарат тарады: полиция не дейді?
Астанада екі жасөспірім қыздың 13-қабаттан секіріп, көз жұмғаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.
Желіде тараған ақпарат бойынша қайғылы оқиға Әнет баба көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.
Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар да әлеуметтік желілерде жарияланды.Кадрлардан тұрғын үй маңына бірнеше полиция көлігі мен жедел жәрдем бригадасының келгенін көруге болады.
Әлеуметтік желі қолданушыларының жазуларынша, екі жасөспірім қыз 13-қабаттан бірге секіріп кеткен. Алайда бұл ақпаратты құқық қорғау органдары әзірге ресми түрде растаған жоқ.
Астана полициясы суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Алайда полиция оқиғаның нақты мән-жайын, зардап шеккендердің санын және олардың жасын ашып айтпады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.11.2026
09:19
Астанада екі жасөспірім қыздың көз жұмғаны жайл...
10.11.2026
09:08
Қазақстан экономикасын қай салалар алға сүйреп ...
10.11.2026
08:55
«Қыста киіммен ұйықтаймыз»: Алматы облысында ек...
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...