Перизат Қайраттың 79 млн теңгелік көлігі кімге бұйырды?

08.04.2026 09:54 Әсел Мұрат
Перизат Қайраттың 79 млн теңгелік көлігі кімге бұйырды?
309
Фото: ашық дереккөз

Перизат Қайраттан тәркіленген Mercedes-Benz S 450 мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

7 сәуірде электрондық сауда порталында сотталған Перизат Қайратқа тиесілі болған Mercedes-Benz S 450 автокөлігі мемлекеттік органдардың меншігіне берілгені туралы ақпарат пайда болды.

Өткен аукцион қорытындысы бойынша Перизат Қайратқа тиесілі көлік мемлекеттік мекемелерге тапсырылды. Алайда оны нақты қай мекеме алғаны әзірге белгісіз.

«Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және бекіту. Сауда-саттық мәртебесі: Өтті», - делінген порталдағы хабарландыруда.

Бұған дейін қара түсті Mercedes-Benz S450 (мемлекеттік нөмірі – 777KPK01) автокөлігі сатылымға шығарылғаны хабарланған еді. Көлікке Pandora дабыл жүйесі орнатылған кілт қоса беріледі. Алайда аккумуляторы отырып қалғандықтан, оның техникалық жай-күйін тексеру мүмкін емес. Көліктің бағалау құны – 79 415 000 теңге.

2025 жылы 25 шілдеде Перизат Қайрат 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол қайырымдылық қызметі үшін берілген «Шапағат» медалінен айырылды.

Сот шешімімен қоғамдық белсенді және оның анасы (оған да айыптау үкімі шығарылған) 50 жәбірленушінің пайдасына жалпы сомасы 1 млрд 582 млн теңге көлемінде материалдық залалды өтеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, олар 22 млн теңге көлемінде мемлекеттік бажды және 698 мың теңге көлемінде сот шығындарын төлеуі тиіс.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий