Перизат Қайраттың тағы бір қымбат көлігі мемлекетке өтті

09.07.2026 21:29 Қарақат АСЫЛОВА
Перизат Қайраттың тағы бір қымбат көлігі мемлекетке өтті
176
Фото: sauda.e-qazyna.kz

Перизат Қайратқа тиесілі болған тағы бір автокөлік мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Әңгіме 2023 жылы шығарылған ақ түсті Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі туралы болып отыр. Көліктің сол жақ бөлігінде зақым бар. Сарапшылар оның құнын 26,2 миллион теңгеге бағалаған.

Автокөлік Астана қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің теңгерімінде болған. Оны сатып алуға тек құқық қорғау органдары, арнайы мемлекеттік органдар, сондай-ақ Президенттің, саяси мемлекеттік қызметшілер мен Парламент депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер ғана қатыса алды.

Сауда-саттық 9 шілде күні таңғы сағат 10:00-де басталып, рәсім сәтті аяқталған.

Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайраттан тәркіленген тағы бір Mercedes-Benz S 450 автокөлігі де мемлекет меншігіне берілген еді. Оның бағалау құны шамамен 79,4 миллион теңгені құраған. Кейін бұл көлік Астана қаласының полиция департаментіне тапсырылған.

Войдите, чтобы оставить комментарий