Полицейлерді боқтаған мас әйелдің ісі сотқа дейін жетті
776
Билік өкілдерін балағаттаған қазақстандық әйелге қылмыстық іс қозғалды
Ақмола облысында полиция қызметкерлерін қызметтік міндетін атқару кезінде балағаттаған әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 6 шілде күні Жалтыр ауылының орталық алаңында болған. Полицияның мәліметінше, қоғамдық тәртіпті бұзған 34 жастағы әйел мас күйде болған. Тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтың жолын кесуге әрекет еткен кезде, әйел олардың ар-намысына тиетін бейәдеп сөздер айтып, заң талаптарына бағынбаған.
Аталған оқиға бойынша әйелдің әрекеті тіркеліп, оған қатысты билік өкілін қорлау дерегімен қылмыстық іс қозғалды.
Полиция азаматтарға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындап, олардың қызметіне кедергі келтірмеуге және қоғамдық орындарда заң талаптарын сақтауға шақырды. Сондай-ақ тәртіп сақшыларын қорлау, оларға бағынбау немесе күш көрсету Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетіні ескертілді.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
23:07
Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды
07.10.2026
22:11
Алматыда автобуста жолаушыларды пышақпен қорқыт...
07.10.2026
21:44
Шымкентте су құбырын ауыстырмақ болған екі жұм...
07.10.2026
21:17
Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің төбесіне...
07.10.2026
20:44
Танымал актриса "Жеті қарақшы" фильмінде Дайыро...
07.10.2026
20:26
"Ренжіп кеткенім жоқ". Қыран Талапбек неге Әзер...