Перуашев Назарбаев тақтан кеткен күні неге жылағанын ашық айтты

30.06.2026 12:14 Әсел МҰРАТ
Перуашев Назарбаев тақтан кеткен күні неге жылағанын ашық айтты
373
Фото: видеодан скрин

Азат Перуашев Назарбаевтың қызметтен кеткен күні не себепті көзіне жас алғанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бүгін Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысының кулуарында орай журналистер Азат Перуашевтен 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев президент қызметінен кеткен күні көзіне жас алғанын еске салып, бүгін де толқып кетпей ме деген сауал қойды.

Перуашев бұл сұраққа күле жауап беріп, сол кездегі көз жасының Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметінен кетуіне ешқандай қатысы болмағанын айтты.

«Сол күні 90 жылдардағы жеке өмірімде болған ауыр жағдай есіме түсті. Бұл туралы тек өзім мен жақындарым ғана біледі. Сол кезде мен жақын адамымнан айырылып, өте ауыр кезеңді бастан өткерген едім», – деді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі көңіл күйі керісінше көтеріңкі.

«Бүгін көңіл күйім өте жақсы, тіпті мерекелік деуге болады. Біз алдымызға қойылған міндеттерді орындадық. Сондықтан депутаттық өкілеттігімізді атқарылған іске деген ризашылық сезімімен аяқтап отырмыз. Әрине, жүзеге аспай қалған бастамалар да жоқ емес», – деді Азат Перуашев.

Сөз соңында депутат болашақ әріптестеріне ақыл-кеңесін айтты.

«Ең бастысы – сабыр сақтау. Алға қойған мақсатыңнан таймай, не істеп жатқаныңды нақты біліп, көздеген нәтижеге табандылықпен жету керек», – деді ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий