Пойызда қыздың тізесінен ұстаған 69 жастағы ер адам ұсталды

02.09.2026 22:11 Қарақат АСЫЛОВА
Пойызда қыздың тізесінен ұстаған 69 жастағы ер адам ұсталды
502
Фото: Politico.kz

«Маңғыстау – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызында күтпеген жағдай тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.

Жолаушы қыз бейтаныс ер адамның өзіне тиісіп, тізесінен ұстағанын айтып, полицияға шағымданған.

Оқиға пойыз Қызылорда станциясына келген кезде полиция қызметкерлерінің назарына түскен. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізген.

Күдікке ілінген азаматтың 69 жастағы Қызылорда тұрғыны екені белгілі болды. Полиция оның әрекетіне байланысты әкімшілік хаттама толтырған.

«Маңғыстау – Алматы» бағытындағы пойызда болған жағдай бойынша ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны және түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Тыныштықты бұзғаны үшін оған айыппұл салынды. Ал ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жиналған материалдар шешім шығару үшін сотқа жолданды.

Полиция оқиғаға қатысты тиісті шаралар қабылданғанын хабарлады.

Войдите, чтобы оставить комментарий