Президент Райымбек Баталовты жаңа қызметке тағайындады

03.02.2026 12:24 Әсел Мұрат
Президент Райымбек Баталовты жаңа қызметке тағайындады
198
Фото: ашық дереккөз. суретте: Райымбек Баталов

Райымбек Баталов президенттің штаттан тыс кеңесшісі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысады.

Мұны Ақорданың баспасөз қызметі растады. 

Айта кетейік, Баталов 2022-2026 жылдары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын басқарды.

Райымбек Баталов кім? 

Райымбек Баталов 1970 жылғы 21 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ сәулет-құрылыс академиясын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1990 жылдардың басынан бастап экономика секторында еңбек етті.

Әр жылдары металлургия, химия өнеркәсібі, энергетика және агроөнеркәсіп салаларында басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, «Риддер Инвест» металлургиялық кешенін, Жаңа Жамбыл фосфор зауытын, Тобыл элеваторын, Меркі қант зауытын, Шымкент ЖЭО-3 нысанын басқарған. 1992 жылы «Раимбек» сауда фирмасын құрып, кейін ол Raimbek Group атты көпсалалы холдингке айналды.

Еңбек жолы:

  • 2002 жылдан – Қазақстан кәсіпкерлері форумының кеңес төрағасы
  • 2005 жылдан – ШЫҰ Іскерлік кеңесінің қазақстандық бөлігінің жетекшісі
  • 2007 жылдан – Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата мүшесі
  • 2009 жылдан – Су асты спорты федерациясының президенті
  • 2010 жылдан – Премьер-министр жанындағы үйлестіру кеңесінің мүшесі
  • 2012 жылдан – ЕЭК консультативтік комитетінің тәуелсіз сарапшысы
  • 2015 жылдан – ENACTUS Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы
  • 2017 жылы – Азия велоспорт конфедерациясының вице-президенті болып сайланды.


 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий