Президент Санкт-Петербургке барды

Президент Санкт-Петербургке барды
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Politico.kz.

Президентті «Пулково» халықаралық әуежайында Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов пен Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қарсы алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу