Продюсер: Шенеунік әйелдер ішіп алып, «Ринго» жігіттерінің соңынан қуатын

31.07.2026 18:05 Томирис САҒЫНДЫҚ
Продюсер: Шенеунік әйелдер ішіп алып, «Ринго» жігіттерінің соңынан қуатын
70
Фото: stan.kz сайтынан алынды

Отандық шоу-бизнестегі танымал продюсер Алуа Қонарова «Орда» мен «Ринго» сияқты танымал топтардың сахна артындағы құпиясын ашты. Продюсердің айтуынша, жігіттердің өнері мен сырт келбетіне ғашық болғандардың арасында тек қатардағы тыңдармандар емес, ықпалды, дәулетті шенеуніктер мен мұнай компанияларының шенді әйелдері де аз болмаған. Алуа Қонарова бойында мәдениеті жоқ, шектен шыққан мұндай бақуатты әйелдердің жігіттерге қауіп төндіргенін, әсіресе араққа сылқия тойып алған сәттерде ашықтан-ашық соңынан түсіп, мазасын алғанын жасырмады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасында айтты. 

 «Жасы үлкенірек, өте ауқатты әйелдер соңымыздан қалмайтын. Мен жігіттерді бірде қорғап, бірде тығып жүруге мәжбүр болдым, ал кейде өнер көрсетіп болған соң, бірден қашып кететінбіз. Өйткені ол әйелдер жігіттердің концерттеріне арнайы келетін», — деді Алуа Қонарова.

Сондай-ақ Алуа Қонарова ішімдікке сылқия тойған шенеунік әйелдердің жас әншілердің мазасын алған сәттерін де еске алды.

«Ер адамдардан белгілі бір физикалық қауіп күтетінің анық, бірақ кейде әйелдер олардан да өтіп кетеді. Әсіресе ол әйел ықпалды, бай, іштей ар-ұяты аз әрі ішкі мәдениеттен жұрдай болса. Ал егер ішіп алған болса — ол тіпті сұмдық. «Ринго» тобының жігіттерін де мас әйелдерден арашалап алуға әлденеше рет тура келді. Жігіттерім жас, сүйкімді ғой. Ішінде мұнай корпорацияларының қызметкерлері де, шенеунік әйелдер де болды. Осының бәрі бастан өтті», — деді продюсер.

Войдите, чтобы оставить комментарий