«СК-Фармация» басшысы Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

«СК-Фармация» басшысы Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі болып Нұрлыбек Асылбеков тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол бұған дейін «СК-Фармация» компаниясын басқарған. 

Нұрлыбек Асылбеков 1966 жылғы 1 қаңтарда дүниеге келген. Еңбек жолында мемлекеттік басқару және денсаулық сақтау саласында бірқатар жауапты қызмет атқарған.

Әр жылдары Астана қаласының тұтынушылар құқығын қорғау департаментін басқарған. Сондай-ақ Фармация комитеті төрағасының орынбасары, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Бұдан бөлек, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасын басқарған.

2025 жылдың шілдесінен бастап осы уақытқа дейін Нұрлыбек Асылбеков «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметінде болды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу