Путин әскери парадты соғыс дайындығына айналдырды

Путин әскери парадты соғыс дайындығына айналдырды
16.04.2025 13:55
0
433
Mikhail Metzel/Sputnik via AFP
BILD: Ресей әскери парады енді нағыз шабуыл армиясын көрсетеді

Bild шолушысы: Путин шеруіндегі әскери техниканың өзгеруі – Украина мен НАТО-ға ескерту

Ресей армиясының әскери парадқа дайындығынан түсірілген жаңа видео сарапшылардың алаңдаушылығын тудырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Bild басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада Екатеринбург қаласында 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған дәстүрлі әскери шерудің дайындық сәті бейнеленген. Видео 9 сәуірде түсірілгенімен, 14 сәуірге дейін батыс желілерінде таралмаған.

Бастапқыда әдеттегі салтанатты дайындық болып көрінетін бұл көрініс – шын мәнінде Ресейдің әскери пропагандасындағы түбегейлі өзгерісті аңғартады.

Bild-тің әскери шолушысы Юлиан Рёпкенің мәліметінше:

– Бұрынғы жылдардағыдай «Армата» және «Терминатор» сияқты «супертанкілер» бұл жолы шеру колоннасынан табылмады.
– Көзге үрейлі көрінетін ядролық зымырандар да көрінбеді.
– Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған тарихи танкілер де мүлдем көрсетілмеген.

Оның орнына Кремль парадта нақты ұрыс даласына шығуға қабілетті, кез келген сәтте Украина аумағына немесе НАТО-ның шығыс шекарасына ене алатын әскери бөлімді көрсетті. Бұл бөлім құрамында:

– Дрондарға қарсы торлармен, резеңке шынжыр табандармен және торлы қорғаныспен жабдықталған 6 танк;
– БМ-21 және БМ-30 реактивті жүйелері;
– Дрон-камикадзелерден қорғайтын глушительдермен жарақтандырылған бронетехника болған.

Қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Нико Лангенің айтуынша, бұл парадтың негізгі мақсаты – Ресей армиясының соғысқа әзір екенін көрсету.

– Егер Путин Мәскеудегі 9 мамыр парадына шынымен де соғысқа қабілетті бөлімдерді шығарса, бұл – алаңдататын белгі. Өйткені бұл тек насихат емес, нақты әскери-өнеркәсіптік қуаттың көрінісі, – деді Ланге.

Шерудің ең күтпеген бөлігі – соңында өтті. Онда көпір салатын техника, автоцистерналар, жедел жәрдем көліктері, мина іздеуші роботтар мен радиоэлектронды күрес жүйелері көрсетілді. Яғни, нағыз соғыс логистикасына қажеттінің бәрі дайын екені байқалды.

Bild шолушысы Рёпкенің пікірінше, бұл видео Ресейдің бұрынғы қателерінен сабақ алғанын дәлелдейді. Енді Кремль тек көрсетілім үшін емес, нақты ұрысқа жарамды жүйелерін алға шығарып отыр. Ал бұл – Украина мен Еуропа үшін ашық сигнал.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий