Путин Украинада атысты тоқтатанын айтты

Ресей президенті Владимир Путин Жеңістің 80 жылдығы мерекеленетін кезеңде қару тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының шешімімен, гуманитарлық мақсаттарды ескере отырып, ресейлік тарап барлық ұрысты 7 мамырдан 8 мамырға қараған түнгі сағат 00:00-ден бастап, 10 мамырдан 11 мамырға қараған түнгі сағат 00:00-ге дейін тоқтатады.
Ресей тарапы украиналық тараптың да осы үлгіге ерітініне үміт білдірді. Алайда, егер Украина тарапынан бітімді бұзу жағдайлары тіркелсе, Ресей Қарулы Күштері «тиісті әрі тиімді жауап беретінін» ескертті.
Сонымен қатар, мәлімдемеде Ресей жағы алдын ала шарттарсыз бейбіт келіссөздер жүргізуге дайын екенін тағы да растағаны атап өтілді. Бұл келіссөздердің мақсаты — украиналық дағдарыстың түпкі себептерін жою және халықаралық серіктестермен конструктивті ынтымақтастық орнату болуы тиіс.
Соңғы жаңалықтар





