Путиннің өкілі АҚШ-та Мәскеу позициясы бұрмаланып жатқанын айтты
Дмитриев Ресей мен АҚШ арасына іріткі салу әрекетін сынады
Ресей президентінің инвестициялар жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриев Ресей мен АҚШ арасында шиеленісті күшейтуді көздейтін сыртқы күштердің бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
«Бұл күштер Ресейдің ұстанымын әдейі бұрмалап, диалог орнатуға бағытталған кез келген қадамды бұзуға тырысады. Олар бұл мақсатқа қол жеткізу үшін ақша мен ресурсты аямайды», – деді Дмитриев.
Оның айтуынша, бұл күштер Ресей мен АҚШ-тың жақындасуынан қорқады, себебі екі ел ортақ мүдде табуы мүмкін, халықаралық және экономикалық бағытта өзара түсіністік орнатуға жол ашылады.
Кирилл Дмитриев қазіргі уақытта Вашингтонда АҚШ президенті әкімшілігінің өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатқанын растады. Ол Ресей тарапынан бейбіт әрі прагматикалық диалогқа дайындық бар екенін тағы бір мәрте еске салды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...