Қарағандыда 21 жастағы шетелдік студент жатақхана терезесінен құлап, мерт болды

21.05.2026 10:11 Мөлдір Қайнар
Қарағандыда 21 жастағы шетелдік студент жатақхана терезесінен құлап, мерт болды
54
Фото: ашық дереккөз

Қарағандыда Үндістаннан келген 21 жастағы медициналық университет студенті қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға медициналық университеттің халықаралық факультеті жатақханасында болған. Соңғы курс студенті бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Марқұмның Үндістан азаматы екені айтылды. Оның денесі туған еліне жіберілген.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, студенттің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

«Тергеу барысында барлық қажетті сараптамалар мен тергеу әрекеттері өткізілді. Жиналған материалдар мен сараптама қорытындылары негізінде қылмыстық іс тоқтатылды», – деп хабарлады ведомство.

Оқиғаның жазатайым жағдай немесе әдейі жасалған әрекет екені нақты айтылмады.

Ал медициналық университет өкілдері студенттер арасында буллинг немесе жанжал белгілері анықталмағанын мәлімдеді. Олардың сөзінше, оқу орнындағы моральдық-психологиялық ахуал тұрақты.

Войдите, чтобы оставить комментарий