Қарақат Әбілдина халықтан сүйінші сұрады

11.11.2025 • 21:16 Берік Арманов
Қарақат Әбілдина халықтан сүйінші сұрады
1223
Фото: видеодан кадр

Белгілі әнші, халықтың сүйіктісі Қарақат Әбілдина жаңа еңбегін – «Қарақат салған қанатты ән» атты кітабын оқырман қауымға ұсынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әншінің айтуынша, бұл жинақ – жетіген аспабына арналған тұңғыш музыкалық еңбек болып табылады. Кітапта Қарақат Әбілдинаның көне аспапта орындаған 32 әнінің мәтіні мен ноталары, сондай-ақ әр туындыны QR-код арқылы тыңдауға мүмкіндік беретін аудионұсқасы қамтылған.

"Бұл кітап – жетігенде ойнауды үйренгісі келетін жас өнерпаздар мен музыка пәнінің ұстаздарына үлкен көмек болады деп сенемін. Бұл – тек менің шығармашылығым ғана емес, қазақ руханиятына қосқан шағын үлесім деп білемін. Өнер жолында өз үнімді қалдыру – бала күнгі арманым еді. Осы кітап – сол арманның орындалған бір сәті", – деп бөлісті қуанышымен әнші.

Кітаптың тұсаукесеріне мәдениет және өнер қайраткерлері, қоғам белсенділері мен ұлттық өнер жанашырлары қатысып, Қарақат Әбілдинаның бұл еңбегін қазақ музыкасына қосылған маңызды жаңалық деп бағалады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий