«Қарақұрт қаптап кетті»: Маңғыстауда улы жәндіктен зардап шеккендер саны 20-дан асты

17.06.2026 22:01 Қарақат АСЫЛОВА
«Қарақұрт қаптап кетті»: Маңғыстауда улы жәндіктен зардап шеккендер саны 20-дан асты
256
Маңғыстауда қарақұрт шағу деректері көбейіп жатыр

Маңғыстау облысында қарақұрт өрмекшісінің шағуынан зардап шеккендер саны 23 адамға жетті, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхтар Сербаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңірдегі қарақұрт шағуына байланысты жағдай тұрақты бақылауда тұр. Тіркелген жағдайлардың жетеуі Маңғыстау ауданында анықталған. Ал Бейнеу және Мұнайлы аудандарында алты адамнан зардап шеккен. Қарақия ауданында екі тұрғын медициналық көмекке жүгінсе, Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында бір-бір жағдайдан тіркелген. Түпқараған ауданында мұндай дерек әзірге жоқ.

Мұхтар Сербаев тұрғындар мен өңір қонақтарын табиғат аясында демалғанда және дала жұмыстарын жүргізгенде сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Мамандардың айтуынша, қарақұрт шаққан жағдайда дереу жақын маңдағы медициналық мекемеге жүгіну қажет. Арнайы сарысуды уақытында енгізу ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Ал өз бетінше емделу денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.

Дәрігерлер жаз мезгілінде қарақұрттардың белсенділігі артатынын ескертіп, тұрғындарды барынша мұқият болуға шақырып отыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий