Дастан Сәтпаев «Қайратпен» қоштасты

17.06.2026 20:57 Қарақат АСЫЛОВА
Дастан Сәтпаев «Қайратпен» қоштасты
182
Видеодан кадр
«Қайрат» Дастан Сәтпаевты ерекше құрметпен шығарып салды

Алматылық «Қайрат» клубы шабуылшы Дастан Сәтпаевты салтанатты түрде шығарып салды, деп хабарлайды Politico.kz.

 «Қызылжарға» қарсы матч алдында клуб жас футболшыға арнап арнайы қоштасу рәсімін ұйымдастырды. Кездесу алдында «Қайрат» клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев ойыншыға оның клуб сапындағы ойындарының саны бейнеленген №58 естелік жейдесін табыстады. Сонымен қатар, алаңда футболшының есімі жазылған үлкен баннер көрсетілді.

Дастан Сәтпаев «Қайраттың» негізгі құрамында 58 матч өткізіп, 24 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. Оның жарқын ойыны Еуропа клубтарының назарын аударып, нәтижесінде Лондонның Chelsea FC клубы қазақстандық шабуылшыны 4 миллион еуроға сатып алды.

«Қызылжарға» қарсы өткен ойын Сәтпаев үшін «Қайрат» сапындағы соңғы матч болды. Енді жас футболшы мансабын Англияда жалғастырады. Қазақстандық жанкүйерлер оның Еуропадағы өнеріне сәттілік тілеп, үлкен үміт артып отыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий