Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
Мемлекет басшысы күштік құрылымдарға нақты тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ өңір әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Politico.kz.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылым нысандарында, соның ішінде әуежайлар, теңіз және өзен порттарында қауіпсіздік шаралары қатаңдатылуы тиіс. Бұл шаралар елдегі тұрақтылықты сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр.
Аталған жұмысты үйлестіру Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді. Тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...