«Қатемді кешіріңдер»: Пойызда мас күйде әйелге тиіскен жайдарманшыға айыппұл салынды
2031
Қызылордадан Павлодарға бара жатқан пойызда мас күйде жанжал шығарып, жолаушы әйелге тиіскен жайдарманшы Ақылбек Скендіровке айыппұл салынды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 26 сәуір түні болған. Бұл туралы алдымен әлеуметтік желіде жәбірленуші келіншектің өзі жазды. Оның сөзінше мас күйдегі жайдарманшы балағат сөздер айтып, агрессивті мінез танытқан әрі түнде демалуына кедергі келтірген.
Кейін сот бұл әрекетті ұсақ бұзақылық деп бағалады. Ақылбек Скендіров істі қарау барысында өз кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады. Сот оның заңды бірінші рет бұзғанын ескеріп, 20 АЕК немесе 86 500 теңге көлемінде айыппұл тағайындады. Сондай-ақ ол өз парақшасында арнайы бейнежазба жариялады.
«Қатемді кешіріңдер», – деп жазды жайдарманшы.
Соңғы жаңалықтар
26.09.2026
17:15
Тоқаев Қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін...
26.09.2026
16:36
“Олар біз үшін өліп пе?”: Аза тұту күні эфирге ...
26.09.2026
15:36
«Әкемді кінәлі етіп шығармаңыз»: Каспийдегі жағ...
26.09.2026
14:28
Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үшінші ...
26.09.2026
13:15
Қазақстандық Альфия Тілекқабыл парадзюдодан әле...
26.09.2026
12:09
Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының жаңа әкімі болып т...