Қайрат Байбосынов 76 жасқа толды

01.06.2026 12:03 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Қайрат Байбосынов 76 жасқа толды
72
Фото: «Таңшолпан» бағдарламасынан скрин

Қазақтың дәстүрлі ән өнерін әлемге танытқан бірегей тұлға, профессор Қайрат Байбосынов бүгін 76 жасқа толды, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнерпаз 1950 жылғы 1 маусымда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Атасу кентінде дүниеге келіп, бала жасынан әкесі Әукеннің домбырасы мен қобызын тыңдап өсті және Арқаның Тәттімбет, Тоқа, Сүгір сияқты дәстүрлі күйшілерінің мұрасынан тәлім алды.

Алматыдағы эстрада–цирк студиясында қазақ ән өнерінің заңғары Жүсіпбек Елебековтен білім алған ол, кейін «Гүлдер» ансамблінің белді солисі болып, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Естай және Жаяу Мұса сияқты халық композиторларының классикалық әндерін жоғары шеберлікпен орындады.

Ұмытыла бастаған көне халық әндерін ел ішінен іздеп тауып, қазақ радиосының алтын қорына қосқан зерттеуші ретінде АҚШ, Жапония, Германия және Франция сияқты елдерді аралап, шетелдік тыңдармандарға домбыраның құдіретін паш етті.

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы мен республикалық эстрада–цирк колледжінде дәріс беріп, дәстүрлі әнді жалғастырушы жаңа буынды тәрбиелеген ұстаз 1990 жылы Қазақстанның халық әртісі атағын алды.

Сарыарқа әншілік мектебінің туын жоғары ұстап жүрген тірі аңыз 2006 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанса, 2025 жылы еліміздің ең жоғары марапаты – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапатталды.

Войдите, чтобы оставить комментарий