Қаза тапқан әскерилер ісіне Тоқаев араласты

10.11.2025 22:43 Берік Арманов
Қаза тапқан әскерилер ісіне Тоқаев араласты
0
76
Фото: видеодан кадр

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі күні Бас прокурорға қаза тапқан әскери қызметшілердің аналарының өтініштерін он екі күн ішінде қарауды, істерді тергеу және қарау барысында заңдылықтың сақталуын бағалауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-арнасында хабарлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Еске сала кетсек, 10 қараша күні таңертең Астанадағы Министрліктер үйінің алдында әйелдер тобы Қорғаныс министрлігі өкілдеріне ашық түрде жүгіну мақсатында жиналды. Олар – әскери борышын өтеп жүріп қаза болған сарбаздардың аналары. Әйелдер ұлдарының өліміне қатысты істерді әділ тергеуді және әскерде реформа жүргізуді талап етті.

Айта кетсек, қазан айының басында Алматыда Шекара қызметінің әскери бөлімінде бір сарбаздың кенеттен қайтыс болғаны хабарланған. Нұрасыл Ануар 2025 жылғы 27 қыркүйекте әскер қатарына шақырылып, Қарасай ауданындағы шекара бөлімінде қызмет атқарған. Арада бір апта өткен соң ол көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша, туыстарының айтуынша, өлім себебі ретінде менингит аталған. Алайда отбасы бұл нұсқаға күмән келтіріп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін әділ және жан-жақты тергеу жүргізуді сұрап отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий