"Қаза тапқандар бар": Алматы облысында әкім тізгіндеген көлік апатқа ұшырады

25.10.2025 14:00
0
671
Фото: istockphoto

Әлеуметтік желілерде Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулеталиев қатысқан жол апаты туралы ақпарат тарады.

Белгілі болғандай, әкім басқарған көлік аударылып, салдарынан 38 жастағы жолаушы көз жұмған. Сондай-ақ Дулат Дәулеталиев пен 34 жастағы тағы бір жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Талғар ауданы әкімінің аппараты бұл деректі растады және оқиға бойынша ресми түсініктеме берді.

«Панфилов ауылдық округі әкімі түскен жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметші ауруханада болғандықтан, уақытша қызметтік тергеу жүргізу мүмкін емес. Процессуалдық әрекеттер аяқталып, мемлекеттік қызметші жұмысқа шыққаннан кейін тәртіптік шара қолдану мәселесі Әдеп кеңесінің қарауына шығарылады», – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Қазіргі таңда жол апатына қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталуда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий