Қазақмыс ескі жабдықтармен қоштасып су жаңасына көшіп жатыр

06.10.2026 • 10:30 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақмыс ескі жабдықтармен қоштасып су жаңасына көшіп жатыр
114
Фото: Қазақмыс корпорациясы
Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытындағы 250 электролиз ваннасын жаңартады.

Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының мыс электролизі цехындағы жабдықтарды жаңартуға кірісті. Компанияның мәліметінше, 2026 жылы бұл жобаға шамамен 745 млн теңге бағытталған, деп хабарлайды Politico.kz.

Зауытқа катодты мыс өндіруге арналған жаңа полимербетон ванналарының алғашқы партиясы жеткізіліп, оның 24-ін орнату басталды. Жыл соңына дейін 250 ванна орнату жоспарланып отыр. Цехта барлығы 1 872 ванна бар.

Жаңа ванналар химиялық әсерге төзімді және 60 °C-қа дейінгі жұмыс температурасында қолданылады. Жабдықтарды кезең-кезеңімен ауыстыру өндірістің сенімділігін арттырып, технологиялық үдерістің тұрақты жүруіне және катодты мыстың сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге өндірістік жұмыстарды орындау жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Бұл жоба Жезқазған мыс балқыту зауытын жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі саналады. 2026 жылы Қазақмыстың жаңа басқару командасы өндірістік активтерді жаңарту жұмысын күшейтіп, жабдықтардың сенімділігіне, жұмыскерлердің қауіпсіздігіне және өндірістік үдерістің тұрақтылығына басымдық берді.

Войдите, чтобы оставить комментарий