«Қазақмыс» Жезқазғандағы мыс қорын анықтау үшін барлау жұмысын күшейтті

13.10.2026 • 11:29 Абзал БАХЫТЖАНОВ
«Қазақмыс» Жезқазғандағы мыс қорын анықтау үшін барлау жұмысын күшейтті
74
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы

«Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған кен орнында қосымша мыс қорын анықтау үшін геологиялық барлау жұмысын жүргізіп жатыр. Компания қолданыстағы кеніштерді шикізатпен қамтамасыз етіп, олардың жұмысын ұзақ мерзімге жоспарлауды көздейді, деп хабарлайды Politico.kz.

Корпорацияның хабарлауынша, 2026 жылдың 9 айында еншілес «Қазақмыс Барлау» ЖШС 17,2 мың қума метр бұрғылау жұмысын орындаған. Бұл жоспардың 104,6%-ын құрайды.

Негізгі жұмыс №114 келісімшарт аясында жүргізіліп жатыр. Жезқазған кен орнының шеткі бөліктерінде жалпы ұзындығы 4 750 метр болатын жеті ұңғыма бұрғыланды. Терең қабаттарды зерттеу үшін тағы төрт ұңғыма қазылды. Олардың жалпы тереңдігі 3 500 метрден асады.

Геологиялық барлау партиясы кентінің маңында да зерттеу жүріп жатыр. Мамандар бұрын толық зерттелмеген, жер бетіне жақын орналасқан мыс қорларын іздеуде. Бұл аумақта шамамен 1 800 метр бұрғылау жұмысы орындалған.

№114 келісімшарт бойынша үш жобада жалпы 19 490 метр бұрғылау жоспарланған. Қазір мамандар жұмысты жалғастырып, алынған геологиялық материалдарды зерттеп жатыр.

«Қазақмыс» 2027 жылы тағы 30 мың метрден астам бұрғылау жұмысын бастауды жоспарлап отыр. Жезқазған мен Жыланды кенді ауданында геохимиялық, геофизикалық және сейсмикалық зерттеулер де жүргізілмек.

Барлау жұмысы корпорацияның басқа кен орындарын да қамтиды. Нұрқазғанда 2 300 метрден астам, Қажықонған мен Алтынтөбе кенді алаңында 1 600 метр бұрғыланған. Абыз учаскесінде жоспарланған 5 100 метрдің 2 800 метрден астамы орындалды.

Компания Қарағайлы және Балқаш байыту фабрикаларының шикізат базасын кеңейту мүмкіндігін де зерттеп жатыр.

Корпорация мәліметінше, геологиялық барлау нәтижелері қосымша мыс қорларын анықтауға, жаңа учаскелерді игеру мүмкіндігін бағалауға және алдағы өндірістік жұмысты жоспарлауға негіз болады.

Фото: «Қазақмыс» корпорациясы
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы

 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий