Қазақстан блогер Mellstroy-ға іздеу жариялады

17.11.2025 09:08 Әсел Мұрат
Қазақстан блогер Mellstroy-ға іздеу жариялады
0
111
Фото: the-flow.ru. Суретте: Блогер Mellstoy

Қазақстанда блогер әрі треш-стример Mellstroy-ға іздеу жарияланды. Мұндай ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есептер туралы порталында пайда болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Mellstroy (шын аты – Андрей Бурим) – беларусьтік стример, блогер және инфлюенсер. Ол ТМД кеңістігінде «трэш-стример» ретінде танымал. Бұл жанрдағы контент көбіне шок тудыратын, арандатушылыққа толы және кейде шектен шығатын әрекеттерге негізделеді.

Андрей Буримге қатысты таратылған сипаттамаға сәйкес, ол бойынша іздеу шаралары 15 қараша күні Астана өңірінде тіркелген. Іздестіруді бастауға Қаржылық мониторинг агенттігі бастама көтерген.

Іздеу шараларын Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Блогердің не себепті іздеуге жарияланғанын ҚМА кейінірек хабарлайтынын мәлімдеді.

Қараша айының басында Mellstroy-дың арналарын оның туған елі Беларусь экстремистік деп таныған еді. Бұған стример ұйымдастырған "конкурс" себеп болып, елдің бірнеше қаласында бірқатар бұзақылықтар мен заңсыз жаппай шаралардың өтуіне түрткі болған.

Еске салайық, бұған дейін Melsstroy ұйымдастырған байқауда пәтер ұтып алу үшін сауда үйінде ішкиіммен жүгірген қазақстандық ер адам 15 тәулікке қамалған еді. Ал тағы бір қазақстандық ресми түрде тегі мен есімін Mellstroy.game деп өзгертті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий