Қазақстан экономикасының 2025-те өсуіне қандай салалар серпін берді

Қазақстан экономикасының 2025-те өсуіне қандай салалар серпін берді
08.07.2025 09:55
0
133
Коллаж POLITICO.KZ (Фото: lider375.ru, ccemagazine.com, favpng.com)
Қазақстан экономикасының өсуіне серпін берген негізгі салалар

Қазақстан экономикасының өсуіне қандай салалар серпін берді?

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан экономикасы 5,6% өсіп, соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің біріне қол жеткізді. Бірақ бұл жетістікке не себеп болды жаңа жұмыс орындарының ашылуы ма, әлде еңбек өнімділігінің артуы ма?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, аталған кезеңде жалпы еңбек өнімділігі 4,8 пайызға өскен. Бұл әрбір жұмыс істейтін адамның өндірген қосымша құны артты деген сөз. Яғни экономикалық өсім жай ғана көлеммен емес, тиімділікпен қатар жүріп жатыр.

Еңбек өнімділігі айтарлықтай өскен салалар:

  • Көлік және қоймалау — +20,5%
  • Құрылыс — +16,9%
  • Өңдеу өнеркәсібі — +7,1%

Бұл салалар жалпы ішкі өнімнің негізгі тіректеріне айналып отыр. Ең бастысы оларда тек өндіріс көлемі ғана емес, сонымен қатар жұмыс тиімділігі де күрт артқан. Яғни өсім сапалық тұрғыда да көрініс тапты.

"2025 жылдың басындағы еңбек өнімділігінің артуы еліміздегі экономикалық жандану нақты нәтиже беріп жатқанын көрсетеді. Бұл өсім тек жұмыс күшінің көбеюімен емес, нақты еңбек тиімділігімен қамтамасыз етілуде. Дегенмен, энергетика мен қызмет көрсету секторларындағы өнімділік баяу өсіп жатыр. Бұл өз кезегінде құрылымдық шектеулердің бар екенін және алдағы уақытта экономикаға әсер етуі мүмкін екенін білдіреді",- дейді аналитик Руслан Сұлтанов.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий