Қазақстан Каспийдегі мұнай нысандарын қорғауды күшейтеді

19.08.2026 18:14 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстан Каспийдегі мұнай нысандарын қорғауды күшейтеді
177
Фото: Wikipedia

Қазақстанда Каспий теңізіндегі мұнай-газ нысандарын ықтимал террористік қауіптерден қорғау талаптары күшейтіледі, деп хабарлайды Politico.kz.

Жаңа ережелерге сәйкес, теңіздегі өндірістік нысандардың маңында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб күштерін орналастыруға арналған арнайы алаңдар дайын болуы тиіс. Қажет болған жағдайда штабты мобильді теңіз платформасында да орналастыруға мүмкіндік қарастырылған.

Сонымен қатар нысандарда кемінде 10 адамнан тұратын антитеррористік топ болуы қажет. Бұдан бөлек, міндетті түрде тікұшақ қонатын алаң қарастырылуы керек. Оның өндірістік нысаннан қашықтығы 23 шақырымнан аспауы тиіс.

Қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруға байланысты барлық шығын мұнай-газ нысандарының иелері мен басқарушы компанияларға жүктеледі.

Жаңа талаптардың мақсаты – Каспийдегі стратегиялық маңызы бар өндірістік нысандардың қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Войдите, чтобы оставить комментарий