Ресейде Қазақстан азаматы көз жұмды

19.08.2026 18:02 Әсел МҰРАТ
Ресейде Қазақстан азаматы көз жұмды
197
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан азаматы Ресейдің Омбы қаласында құрылыс алаңында болған ірі өрттен кейін көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz

Ер адамның денесінің 70 пайызы күйіп, ол ауруханада жатқан. Оның қайтыс болғанын тілшімізге Қазақстан сыртқы істер министрлігінде растады.

Өрт 15 тамыз күні таңертең Крупская көшесі мен Архитекторлар бульварының қиылысында салынып жатқан «Кварталы Драверта» тұрғын үй кешенінде шыққан.

Алдын ала мәлімет бойынша, дәнекерлеу жұмыстары кезінде жылу оқшаулағыш материал тұтанған. Құрылыс материалдарынан шыққан өрт тез арада жоғарғы қабаттарға тараған. Өрт аумағы шамамен мың шаршы метрге жеткен.

Өрт салдарынан 11 адам зардап шекті. Үш адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді, қалғандары әртүрлі дәрежедегі күйік жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Ауыр жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматы Максим Багинский де болған. Ресейдің жедел қызметтерінің мәліметінше, оның денесінің шамамен 70 пайызы күйіп, сондай-ақ көптеген жарақат алған. Дәрігерлер ер адамның өмірін сақтап қала алмады. Қазақстан СІМ оның 18 тамызда қайтыс болғанын хабарлады.

Бұл – өрт салдарынан көз жұмған екінші адам. Бұған дейін тағы бір жұмысшы ауруханада қайтыс болған.

Зардап шеккен төрт адам Омбы қаласындағы №1 жедел медициналық көмек ауруханасында ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Ал ең ауыр күйік алған тағы екі науқас Нижний Новгородқа жеткізілді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тілшімізге хабарлағандай, Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығы Максим Багинскийдің отбасына қажетті көмек көрсетіп жатыр.

«Қазақстан Сыртқы істер министрлігі 2026 жылы 18 тамызда Омбы қаласында болған өрт салдарынан қаза тапқан Қазақстан азаматы Максим Багинскийдің туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады», –  деп хабарлады министрлік.

Дипломаттар құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ресейдің тиісті органдарымен байланыс орнатқан. СІМ сондай-ақ марқұмның отбасымен тұрақты байланыста.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий