Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев отставкаға кетті

 Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев отставкаға кетті
08.09.2025 09:20
0
113
Фото: KFF.KZ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев отставкаға кететінін мәлімдеді. Ол Қазақстан Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылғаннан кейін қызметінен кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында Әлиев команда нәтижесі үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдеді.

"Бұл жеңіліс — менің жауапкершілігім. Барлық кінәні өзіме аламын. Отставкаға өтініш жазып, келген соң федерация басшылығына жеткіземін", — деді ол.

Мұның алдында Әли Әлиев шәкірттері Астанада Уэльсті қабылдап, 0:1 есебімен жеңілген болатын. Ал, жалпы, іріктеу турнирінде 5 матч өткізіп, оның тек біреуінде – Люксембургпен болған ойында жеңіске жетті.

Әлиев бұл қызметке биыл қаңтарда келген болатын. Ол ресейлік маман Станислав Черчесовты алмастырған еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий