«Жоғары бағалаймыз»: Кремль Қазақстан Президентінің мәлімдемесіне жауап қатты

30.09.2026 • 21:27 Қарақат АСЫЛОВА
«Жоғары бағалаймыз»: Кремль Қазақстан Президентінің мәлімдемесіне жауап қатты
373
Фото: AP photo

Кремль Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путин туралы айтқан сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу Тоқаевтың бағасын жоғары бағалайтынын мәлімдеді.

Песковтың айтуынша, Ресей Қазақстанмен қалыптасқан екіжақты қарым-қатынасқа ерекше мән береді. Сондай-ақ ол екі ел президенттері арасындағы қарым-қатынасты «жақын, конструктивті және сенімді» деп сипаттаған.

Оның сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин арасындағы жеке сенім халықаралық күн тәртібіндегі күрделі мәселелерді, соның ішінде Украинаға қатысты жағдайды талқылауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Берлинде Германия канцлері Фридрих Мерцпен өткен баспасөз мәслихатында Тоқаевтан Ресей президентімен қарым-қатынасы туралы сұралған еді. Қазақстан Президенті Путинмен қарым-қатынасы жақсы екенін айтып, оны «көрнекті мемлекет қайраткері» деп атады.

Сонымен қатар Тоқаев Қазақстанның Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты ұстанымын да атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан БҰҰ Жарғысын басшылыққа алып, барлық мемлекеттің аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидатын ұстанатынын мәлімдеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий