Қазақстанда 2 мамыр күні ауа райы күрт құбылады
Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, сенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Politico.kz.
Бірқатар өңірлерде нөсер жаңбыр мен найзағай, ал батыс аймақтарда шаңды дауыл болжанып отыр.
Алматы, Шымкент, Тараз, Түркістан және Қызылорда қалаларында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Астана, Қостанай, Көкшетау және Петропавлда негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен желдің жылдамдығы кей жерлерде 20–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Оралда күн ашық болғанымен, жел күшейеді. Оралда тіпті жер бетінде үсік байқалуы мүмкін.
Талдықорған, Өскемен және Конаевта ауа температурасы +27…+32°C-қа дейін көтеріледі.
Мамандар тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын ұстануға, әсіресе күшті жел мен найзағай кезінде ашық жерде жүрмеуге кеңес береді.
Соңғы жаңалықтар