Қазақстанда дауылды ескерту: аптап ыстық пен үсік қатар келді

14.05.2026 22:39 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстанда дауылды ескерту: аптап ыстық пен үсік қатар келді
311
Елдің жартысында аптап, жартысында үсік күтілуде

Қазақстанның 16 өңірінде 15 мамырға арналған дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында ауа райы күрт құбылып, бір аймақта аптап ыстық болса, екінші өңірлерде үсік пен салқындық сақталады.

Мамандардың болжамына сай, еліміздің батыс, шығыс және солтүстік бөліктерінде найзағайлы жаңбыр, қатты жел және шаңды дауыл күтіледі. Ал оңтүстік пен батыс өңірлерде күн қатты ысиды, кей жерлерде ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі.

Атырау, Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Атырау облысында ауа райы +35 градусқа дейін ысиды деп болжануда.

Сонымен қатар Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында түнгі уақытта -4 градусқа дейін үсік күтіледі. Бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Мамандар тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақ болуға шақырады.

Войдите, чтобы оставить комментарий