«Біздің шенеуніктер үлгі алсын»: Эмине Ердоғанның Астанадағы қадамы жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
Бірінші ханым элиталық бутик емес, кәдімгі базарды таңдады
Астанада Түркия президентінің жұбайы Эмине Ердоғанның сауда орталығына барғаны көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz.
Эмине ханым елордадағы танымал сауда орталықтарының біріне барып, бутиктерді аралаған. Ол азық-түлік сатылатын бөлімдерге де түсіп, бал, кептірілген жемістер мен жергілікті өнімдерді қараған. Сонымен қатар әйелдер киімі мен аксессуарлар сатылатын дүкендерге де бас сұққан.
Куәгерлердің айтуынша, Эмине Ердоғанды күзет қызметкерлері бірге ертіп жүрген. Сауда орталығының сыртында бірнеше көліктен құралған кортеж күтіп тұрғаны байқалған.
Еске салайық, 13 мамыр күні Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын. Астана әуежайында оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Ресми қарсы алу рәсімі ерекше форматта өтіп, әскери оркестр мен балалардың қос тілдегі сәлемдесуі ұйымдастырылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
11:50
Назарбаевтың орнына Қонаев: елімізде жаңа петиц...
11.11.2026
11:35
Әкім кетті, орынбасары кетті: Атырауда тағы бір...
11.11.2026
11:16
Алматы әуежайында жұмысшы көз жұмды
11.11.2026
11:09
«Қазақмыс» өндірісті жасанды интеллект арқылы б...
11.11.2026
11:05
"Неге олай жасадың?": ҚазҰУ жатақханасында қаза...
11.11.2026
10:59
Қазақстанда ғылымға бөлінген 51 млрд теңгенің қ...