Қазақстанда оқу жылы мен оқушылардың демалыс мерзімдері бекітілді

14.08.2025
14:40
0
161
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 5 тамыздағы бұйрығымен 2025-2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың қорытынды аттестациясын өткізу мерзімдерін айқындады.
Оқу жылы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 25 мамырды қоса алғанда жалғасады.
1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:
- 1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 27 қазаннан бастап 2 қарашаны қоса алғанда);
- 2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда);
- 3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2026 жылғы 19-29 наурызды қоса алғанда);
1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2026 жылғы 9-15 ақпанды қоса алғанда):
- 4-тоқсан – 8 оқу аптасы.
Қорытынды аттестация мерзімдері:
- 9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2026 жылғы 29 мамырдан бастап 11 маусым аралығында;
- 11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2026 жылғы 2-15 маусым аралығында.
Емтихандар кестесі:
9 (10)-сынып оқушылары үшін:
- математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан – 2026 жылғы 29 мамыр;
- таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2026 жылғы 3 маусым;
- қазақ тілі/орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытатын мектептерде ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе түріндегі жазбаша емтихан, ал гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептерде – мақала, әңгіме немесе эссе жазу – 2026 жылғы 8 маусым;
- орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 11 маусым.
11 (12) сыныптар:
- Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан – 2026 жылғы 2 маусым;
- алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 5 маусым;
- қазақ тілі/орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытатын мектептерде ана тілі (оқыту тілі) пәнінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 9 маусым;
- таңдау пәнінен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) жазбаша емтихан – 2026 жылғы 12 маусым;
- өзбек/ұйғыр/тәжік/орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 15 маусым.
Бұйрық 2025 жылғы 24 тамыздан бастап күшіне енеді.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

14.08.2025
17:18
Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денес...

14.08.2025
16:54
Оқушы қызды құтқарамын деп екі мұғалім суға кетті

14.08.2025
16:27
Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды

14.08.2025
16:05
"Иісі қазақты құтқаруымыз керек": Мәжіліс депут...

14.08.2025
15:45
Әйелі күйеуінің басқа біреумен хат жазысқанын к...

14.08.2025
15:29
49 жастағы әйелдің әрекеті елдің жағасын ұстатты