Қазақстанда қай мамандықтарға грант ұтып алу қиын екені белгілі болды

06.08.2026 12:14 Мөлдір ҚАЙНАР
Қазақстанда қай мамандықтарға грант ұтып алу қиын екені белгілі болды
79
Фото: inbusiness.kz

Биыл мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңнан астам өтінім берілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия талапкерлердің өтініштерін қарап шықты. Гранттар ҰБТ-да жинаған балдар мен бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде бөлінеді.

Талапкерлердің басым бөлігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» мен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарын таңдаған.

Салалық министрліктің мәліметінше, болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтер мен мұғалімдер арасында бір орынға талас өте жоғары. Демек, осы мамандықтар бойынша грант иелену бәрінен де қиын болмақ.

Конкурс қорытындысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, ведомствоның және Ұлттық тестілеу орталығының ресми парақшаларында 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Войдите, чтобы оставить комментарий