Қазақстанда тағы бір футболшы қаза болды
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қаралы хабарды Қазақстан футбол федерациясы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Андрей Морев «Жеңіс», «Оқжетпес», «Тобыл» және «Ақтөбе» сынды командалар сапында өнер көрсеткен. «Ақтөбеде» екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогының иегері болды. 2005 жылы еліміздегі ең үздік қақпашы атанды. Андрей Морев Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында екі матч өткізді. Дебюттік ойынында қарсылас болған Түркия құрамасының пенальтиін сәтті қайтарып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленген еді. Қазақстан футбол федерациясы Андрей Моревтің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның есімі отандық футбол тарихының парақтарында және командаластары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады», – делінген жазбада.
Соңғы жаңалықтар