Қазақстанда такси тасымалдаушыларына қойылатын талаптар күшейтілді

11.05.2026 09:24 Мөлдір Қайнар
Қазақстанда такси тасымалдаушыларына қойылатын талаптар күшейтілді
513
Фото: pixabay

Қазақстанда такси тасымалдаушыларына қойылатын талаптар күшейтілді, деп хабарлайды Politico.kz.

 ҚР Ұлттық экономика министрлігі такси қызметін көрсетуге қатысты хабарлама беру ережесіне өзгерістер енгізген.

Жаңа талапқа сәйкес, енді такси қызметін бастағысы келетін тасымалдаушылар жергілікті атқарушы органға міндетті түрде алдын ала хабарлама жолдауы тиіс. Сонымен қатар жүйеде көлік құралы ауыстырылған жағдайда немесе автопаркке жаңа көлік қосылған кезде өзгеріс енгізу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұған дейінгі тәртіп бойынша тасымалдаушы нақты бір көлікке тіркелмейтін. Бұл жол-көлік оқиғасы болған жағдайда жолаушыларға немесе өзге тұлғаларға келген шығын үшін жауапты адамды анықтауды қиындатқан. Осы себепті енді хабарлама нысанына көліктің маркасы, мемлекеттік тіркеу нөмірі және шығарылған жылы туралы мәліметтер енгізіледі.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл өзгерістер жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін күшейтіп, заңсыз такси қызметінің үлесін азайтуға бағытталған.

Войдите, чтобы оставить комментарий