Қазақстандық әйел Таиландта бірнеше жол апатын жасап, полициядан қашқан

22.06.2026 12:39 Әсел МҰРАТ
Қазақстандық әйел Таиландта бірнеше жол апатын жасап, полициядан қашқан
149
Фото: instagram/phuketinsta

Таиландтың Пхукет аралында Қазақстанның 30 жастағы азаматы бірнеше жол-көлік оқиғасына себеп болып, полициядан қашуға тырысқаны туралы жергілікті БАҚ-та жарияланған, деп хабарлайды Politico.kz.

Мәліметтерге сәйкес, әйел бірнеше сағат бойы MG маркалы автокөлікпен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, көшелерде бейберекет жүрген. Ол жол бойында бірнеше автокөлік пен мотоциклге соқтығысып, өзге жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндірген.

Ескі әуежай тасжолында микроавтобус пен мотоцикл қатысқан жол апаты тіркеліп, салдарынан екі адам зардап шеккен. Тәртіп сақшылары көлікті бірден тоқтата алмаған. Әйелді ұстау үшін полиция қызметкерлеріне автокөліктің терезесін сындыруына тура келген.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, қазақстандық азаматша бұған дейін де осыған ұқсас оқиғаларға қатысы болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Осы іске қатысты еліміздің сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді. СІМ Таиландта Қазақстан азаматының ұсталғанынан хабардар.

«Дипломаттар сол елдің құзыретті органдарымен байланыста болып, қажетті консулдық қолдау көрсетуде», - деп түсініктеме берді Қазақстан СІМ.

Министрлік оқиғаның мән-жайы Таиландтың құқық қорғау органдарымен бірлесіп анықталып жатқанын атап өтті.

Войдите, чтобы оставить комментарий