Қазақстандық тревел-блогер Трамптың ұлына шапан мен тымақ кигізді
Қазақстандық тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим, әлеуметтік желіде @bydastann атымен танымал, АҚШ президентінің ұлы Дональд Трамп кішімен кездесіп, оған қазақтың ұлттық киімдерін сыйлады, деп хабарлайды Politico.kz.
Блогер бұл туралы Instagram парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, олар табиғат аясында үш күн бірге уақыт өткізген.
Осы кездесу барысында Дастан Трамп кішіге қазақ халқының ұлттық мәдениетін таныстыруды жөн көріп, оған шапан мен дәстүрлі бас киім – тымақ тарту еткен.
«Демалыс кезінде оған қазақтың шапанын сыйлап, дәстүрлі тымақ кигізудің сәті түсті», – деп жазды блогер.
Дастан сондай-ақ сыйлықты ұйымдастыруға көмектескен азаматтарға алғысын білдірді.
Әлеуметтік желіде жарияланған кадрлардан Дональд Трамп кіші қазақтың ұлттық киімін киіп көргенін байқауға болады. Блогердің айтуынша, ол ұлттық киімді жақсы қабылдаған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
23:30
Атырауда жаппай көшіру басталуы мүмкін: Кімдерд...
23.10.2026
22:34
Астанада автобус терезесін ұрып, жүргізушіні ба...
23.10.2026
21:31
Екі аяғынан айырылған студенттің ісі: Арыс әкім...
23.10.2026
20:54
«Америкада жүр» деген Мәсімов әлі түрмеде отыр
23.10.2026
20:30
Атырауда оқушыға қатысты даудан кейін NIS мұғал...
23.10.2026
20:09
Қазақстан NVIDIA басшысын «Достықпен» қарсы алды