Қазақстандықтар Еуропаға қашан визасыз бара алады?
Қазақстандықтарға Еуропаға визасыз қатынау туралы маңызды ақпарат жарияланды
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев қазақстандықтарды Еуропа елдеріне визасыз кіру мәселесіне қатысты асығыс қорытынды жасамауға шақырды, деп хабарлайды Politico.kz.
Брифинг барысында ол Еуропалық одақпен толық визасыз режим туралы келіссөздер басталмас бұрын, ең алдымен визалық рәсімдерді жеңілдету жөніндегі келісімге қол қою қажет екенін айтты. Оның сөзінше, бұл құжат екі тарап үшін де маңызды қадам болмақ.
«Визалық режимді жеңілдету туралы келісім қазақстандықтардың Еуропа елдеріне жиірек сапарлауына мүмкіндік береді және болашақта визасыз режимге жол ашады», – деді Ерлан Жетібаев.
СІМ өкілінің мәліметінше, Қазақстан шетелдік серіктестермен бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Кейбір мемлекеттермен тиісті келісімдерге қол қойылған, оның ішінде біржақты тәртіпте қабылданған шешімдер де бар.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...